Жаңалықтар мен есеп
9 Мамыр
Жеңіс күні қарсаңында «Рахат» компаниясының қызметкерлері кәсіпорында әр кезеңде жұмыс істеген Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Компанияда бұдан көп жыл бұрын қалыптасқан ардагерлерді құттықтау дәстүрінен жаңылмай, біз өскелең ұрпаққа ұлы Жеңісті тарту еткен тұлғаларға жыл сайын, жадыраған мамыр күндері құрмет көрсетеміз.
Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің, Алматы қалалық әскери теңіз флоты мүгедектері мен ардагерлері кеңесінің, фашизм құрған еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары Алматы қалалық ұйымының, қоршаудағы Ленинград тұтқындары Алматы қалалық ұйымының ардагерлерін «Рахат» компаниясы қошеметке бөлеп, құттықтау жолдап, мерекелік дастарханға сән беретін сыйлық жиынтықтарын тарту етті.