Жаңалықтар мен есеп
Балаларды қорғау күніне
Қалыптасқан дәстүр бойынша жаздың алғашқы күні «Халықаралық
балаларды қорғау күні» атап өтіледі. Бұл – балалардың ең сүйікті мерекесі. Ал, мерекені тәттілерсіз өткізу мүмкін бе? «Рахат» акционерлік қоғамы мен «Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры балдырғандарды осы қуанышты сәттерімен құттықтады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ғ.
Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық театрдың, Алматы қ. Мемлекеттік қуыршақ театрының кішкентай
көрермендеріне, «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша спортпен айналысатын мүгедек балаларға, сонымен қатар Марат Оспанов атындағы қоғамдық қор ұйымдастырған «Мейiрiммен жұлдыздар жарқырайды » мерекесіне қатысушыларға тәтті сыйлықтар тарту етілді.