Жаңалықтар мен есеп
Аман келешек
«Рахат» АҚ Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті қоры ұйымдастырған IVРеспубликалық «Салауатты болашақ – Здоровое будущее» балалар фестивалі шеберлік сабақтарының демеушісі болды. Оған жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, балалар үйлері мен түзету мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатысты.
Фестиваль бағдарламасында әйгілі шеберлер мектеп оқушыларына ғарыштық аппараттарды 3D-модельдеу, авиамодельдеу, дельтапланмен ұшу, шығыс жекпе-жегі, театр өнері, балет шеберлігі, шахмат ойнау мен т.б. көптеген өнер-спорт түрлерінен хабар беріп, қыр-сырын танытты.
Мереке аяқталған соң, «Рахат» фабрикасы балалардың барлығын тәтті сыйлықтарымен қуантты.