Жаңалықтар мен есеп
Щелкунчик
Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры мен «Рахат» акционерлік қоғамы балаларға мерекелік тамаша тарту жасады. Әлемдік балет жұлдыздары Абай атындағы МАОБТ-ында «Щелкунчик» спектаклін қойды. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, түзету мектеп-интернаттарының оқушылары мен көп балалы отбасылардың балалары екі сағат бойы ғажайыптар әлеміне енді. Спектакль аяқталғаннан кейін, Қазақстанның кондитерлік саласындағы жетекші кәсіпорны атынан әрбір жас көрерменге тәтті сыйлықтар берілді.
Бұл - балалардың көпшілігінің, тіпті олардың ата-аналарының алғаш рет
тамашалаған балеті. Ұйымдастырушылар қойылым арқылы балаларды биік өнер әлемімен таныстырып, олардың ой өрісін кеңейтуді көздеген. Ұлы композитор П.И. Чайковскийдің музыкасына қойылған ертегі-спектакльді Ресейдің Үлкен театрының жетекші бишісі-жеке орындаушысы Мария Семеняченко мен Станиславский және Немирович-Данченко атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық-музыкалық театрының премьері Дмитрий Соболевский жеткіншектер алдында алғаш рет көрсетті. Көрсетілім соңында әрбір жас көрерменге тәтті сыйлық тарту етілді.
Осы мереке күндері балалар үйлеріне, ауруханалар мен мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттарды, пенитенциарлық жүйе мекемелері мен басқа көптеген ұжымдарды қосқанда қаладағы 60-тан астам ұйымға 10000-нан аса сыйлық жиынтықтары қайырымдылық көмек ретінде жіберілді. Тәтті базарлық Алматы облысына да жөнелтіліп, олар тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, зағип (көздері нашар көретін) балалар мен саңырау, құлағы нашар еститін мүгедек балаларға, жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілеріне берілді.