Жаңалықтар мен есеп
9 МАМЫР!
9 мамыр қарсаңында «Рахат» компаниясы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады. Ардагерлерді құттықтау - компанияда бұрыннан қалыптасқан дәстүр, мамыр айының бұл күндері - біз үшін Жеңіс туын желбіреткен жандарға жыл сайын құрмет көрсететін айрықша кезең. Бүгінде бізбен бірге барша ардагерлерге өскелең ұрпақ иіліп тағзым етеді, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірін қиған тұлғаларды мәңгі есте сақтайды!
Мерекеге орай Алматы қалалық Әскери теңіз флоты мүгедектері мен ардагерлері кеңесінің, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің, фашизм құрған ерiксiз ұстау орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары Алматы қалалық ұйымының, № 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ардагерлері компания тарапынан ыстық ықыласқа бөленіп, мерекелік дастарханға арналған сыйлық жиынтықтарын алды.