Жаңалықтар мен есеп
Живые драгоценности
2018 жылдың 20 мамыры күні «Славян жазуы мен мәдениеті күнін» атап өту аясында Е.Простомолотовтың «Живые драгоценности» авторлық бағдарламасының қолдауымен «Қазақконцерт» залында концерт болып өтті.
«Живые драгоценности» авторлық бағдарламасы жас дарындардың дамуына, жас әртістердің шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына ықпал етеді. Бұл бағдарлама көрермендерді қызықтырып қана қоймай, қабілетті жастардың шығармашылық тұрғыда дамуына мүдделі кәсіби шығармашылық ұжымдар басшыларының да назарын аударды.
Концерттік бағдарламаға Алматы қаласындағы әр түрлі балалар шығармашылығы ұжымдарынан 300-ге жуық жеткіншек қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
«Рахат» АҚ мен «Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры демеушілік етіп, балалар үйлерінен келген жас әртістер мен кішкентай көрермендерді тәтті сыйлықтармен қуантты.