Жаңалықтар мен есеп
Мейірім
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ««Рахат-Демеу» бірлескен қайырымдылық қоры» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Марат Оспанов атындағы қордың бірлесе отырып ұйымдастырған «Мейірім» фестивалінің демеушісі болды. Балалар үйлері, мектеп-интернаттар мен балалар ауылынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі мыңға жуық бала бес аталым - вокал, хореография, музыкалық аспаптармен орындау, айрықша жанр, бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер бойынша үздік атағы үшін сайысқа түсті.
Байқауға Алматы қаласындағы балаларға арналған 15 әлеуметтік мекеменің тәрбиеленушілері қатысты.
Марапаттау рәсімінде байқауға қатысушылар мен көрермендерге «Рахат» фабрикасы атынан сыйлықтар берілді.