Жаңалықтар мен есеп
Балаларды қорғау күніне
Жыл сайын жаздың алғашқы күні көптеген елде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн - балалар асыға күтетін көңілді мереке әрі ыстық ықылас пен қайырымдылықтың, сүйіспеншіліктің олар үшін маңызды екенін ересектер де сезінетін сәт. Аталмыш күні «Рахат» кондитерлік фабрикасы өздерінің тәтті сыйлықтарымен қуантқан балалар Алматы қаласының театрларында қайырымдылық шарасы ретінде қойылған спектакльдерді тамашалады. Бұған қоса № 1 балалар үйіне, туберкулезді емдейтін «Шымбұлақ» балалар шипажайына, «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша спортпен шұғылданатын мүгедек балаларға мерекелік сыйлықтар жіберілді.