Жаңалықтар мен есеп
Өшпес шежіре
Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Рахат» АҚ «Өшпес шежіре» акциясын өткізді. 6 мамырда еріктілер тобы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, фашизмнің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына барып, оларды құттықтап, тәтті сыйлықтар тарту етті.
Акцияның мақсаты – батырларға шексіз құрмет көрсету ғана емес, соғысты басынан өткерген жандардың баға жетпес тарихын жазып алу. Өкінішке орай, жыл өткен сайын қатары азайып келе жатқан ардагерлердің өздері әңгімелеген сол кезеңнің өшпес сәттерінен естеліктер тыңдаудың мән-маңызы айрықша.