Жаңалықтар мен есеп
Қайырымдылық акциясын
Жаңа жыл мен Рождество мерекелері қарсаңында «Рахат»АҚ көп жылдан бері мыңдаған балалар мен ересектер үшін шырша мерекесін өткізуге қатысып келеді. Бұл жылы да, әдеттегідей, «Рахат-Демеу» қайырымдылық қоры жыл сайынғы қайырымдылық акциясын өткізді.
Балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған орталықтарға, Қазақ зағиптар қоғамы мен Қазақ саңыраулар қоғамының мүгедек балаларына, №1 балаларға арналған туберкулезге қарсы күрес шипажайына, «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша спортпен айналысатын жасөспірімдерге тоғыз мың сыйлық берілді. Биыл алғаш рет сыйлық алушылар қатарын муковисцидоз және қант диабетімен ауыратын мүгедек балалар толықтырды. Қор жаңа жылдық шырша мерекесін өткізу үшін «ДОМ» қоғамдық қорына, «Ақсай» балалар ауруханасына, SOS балалар ауылына және басқа да мекемелерге сыйлықтар жиынтығын тарту етті. Рождество мерекесі қарсаңында Алматы қаласы мен Алматы облысының православие шіркеулері жанынан ашылған жексенбілік мектеп тәрбиеленушілеріне сыйлықтар берілді.
Жыл сайын Қазақстандық сан мыңдаған өрендер «Рахат» компаниясынан сыйлықтар алып, басқа ұйымдармен серіктесе жұмыс істеудің арқасында түрлі іс-шараларға қатысады. Марат Оспанов атындағы қоғамдық қоры, «Болашақ» қоғамдық бірлестігі, ««Үміт» халықаралық орталығы» қоғамдық қоры сияқты ұйымдармен көп жылғы ынтымақтастығымыз тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы шаңырақта өсіп келе жатқан балаларды қуантуға септігін тигізуде.