Жаңалықтар мен есеп
ISMA-2019
«Рахат» АҚ 2019ж. 8 наурызда Астана қаласында өткен менталды арифметика бойынша «ISMA-2019» халықаралық олимпиадасының демеушісі болды.
Олимпиадаға әлемнің 6 елінен - Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан және Қазақстаннан жалпы саны 558 оқушы қатысты.
Халықаралық олимпиада 11 академиялық деңгей және 5 түрлі жас айырмашылығы бойынша өтті, нәтижесінде 43 қатысушы Кубок пен «Супер чемпион» атағын иеленсе, 96 оқушы «Чемпион» кубогын жеңіп алды, қалған қатысушылар бірінші, екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
9 наурызда Олимпиада қатысушылары үшін салтанатты рәсім өткізіліп, ол марапаттау, сыйлық беру, фотосуретке түсу, сұхбат берумен аяқталды.